Аудиторлар Маңғыстау облысында 5,5 млрд теңгенің қаржылық заңбұзушылықтарын анықтады

190

Кінәлілерге қандай шара қолданылады?

Аудиторлар Маңғыстау облысында 5,5 млрд теңгенің қаржылық заңбұзушылықтарын анықтады Фото: www.jsk.kz

Аудиторлар Маңғыстау және Түркістан облыстарында қарыз қаражатын пайдалануда жол берілген бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі мәлім етті деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тексеру комиссиялары Маңғыстау және Түркістан облыстарында бюджеттік кредиттер мен халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тиімсіз және мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады.

Өңірлерде мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің борышын басқару аудиттері Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жүргізілді.

Қарыз қаражаты тартылған инфрақұрылымдық объектілерді, тұрғын үйлерді салу және жаңғыртуда нәтиже жоқ. Кей жағдайда тартылған қарыздар қосымша кіріс алу үшін депозиттерге салынған, бұл қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау болып табылады.

Аудит нәтижелері бойынша осы өңірлерде қарыз қаражатын пайдалану тиімділігіне, сондай-ақ кредиттік міндеттемелерді уақытылы өтеуге жеткілікті бақылау жасалмағаны атап өтілді.

Аудиторлар Маңғыстау облысында 5,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 869 млн теңгеге сыртқы қарызды тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 6,7 млрд теңгеге бюджеттік кредитті тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады. Өңірде 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 3,3 млн теңге айыппұл салынды.

Түркістан облысында аудит қорытындысы бойынша 10,5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 4,8 млрд теңгеге бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдалану анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу