Аудиторлар Назарбаев мектептерінің бюджетін тексерді

973

Аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды. 

Аудиторлар Назарбаев мектептерінің бюджетін тексерді Фото: nis.edu.kz

2024 жылдың 2-тоқсанында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілді. Бұдан басқа, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне баға беріледі.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды.

2-тоқсанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі аяқталды. Аудит қорытындысы бойынша баға белгілеуді реттеудің тиімділігіне, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне баға берілетін болады.

2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің мемлекеттік аудиті шеңберінде Қытаймен "айна статистикасындағы" алшақтықтарды азайту жөніндегі шаралардың нәтижелілігін, корпоративтік табыс салығы бойынша автоматтандырылған камералдық бақылаудың тиімділігін, мемлекет бюджетіне салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралардың толықтығына және т.б. бағалау жоспарланған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу