Аудиторлық қызметті реттеу бойынша келісім мақұлданды

Оның мақсаты – Одақта аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру. 

Аудиторлық қызметті реттеу бойынша келісім мақұлданды Фото: Pokatim.ru

Мәжілісмендердің қарауына  "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келiсiмді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылды.

  • Келісімге мемлекет басшылары 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойған.
  • Келісімнің мақсаты – Одақта аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру.

Атап айтқанда, орналасқан елде қосымша мекеме ашпастан, шектеулер мен алып қоюларсыз аудиторлық қызметтерді көрсету және алу, аудиторлардың біліктілік аттестаттары мен аудиторлық қорытындыларын өзара тану болып табылады.

Келісім аудиторларға, ұйымдарға, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқықтың туындауы мен тоқтатылуына, емтихандарға, сапаға сыртқы бақылау жүргізуге және аудиторлық қызмет стандарттарына бірыңғай талаптарды айқындайды.

Қазақстан үшін аудиторлық қызметті ішкі реттеудің кейбір ерекшеліктері Келісімнің 32-бабында ескерілген. Бұл ерекшеліктер қазақстандық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтарына қысым көрсетпеуге мүмкіндік береді.

Келісімнің күшіне енуі 2 сатыдан тұрады:

  • ратификациялаудан кейін мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын құрудың ұйымдастыру мәселелеріне қатысты баптар күшіне енеді;
  • Одақтың Жоғарғы кеңесінің шешімімен айқындалған күннен бастап бірыңғай нарық  жұмыс істеп бастайды.

"Осы Келісімді ратификациялау біздің еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Ұсынылған Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын", – деді Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу