Аудиторлық палатаның тексерісінен соң 28 тұлға жауапқа тартылды

135

Палата өкілдері биыл тамыз айында ауыл шаруашылығы саласында аудит жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтар мен қаржылық кемшіліктерді анықтады.  

Аудиторлық палатаның тексерісінен соң 28 тұлға жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты 28 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәртіптік шаралар Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ оған қарасты ұйымдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметкерлеріне қатысты қолданылған.

Атап айтқанда:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, бірнеше басқарма басшылары;
  • Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасары, басқарма басшылары және "Республикалық ветеринариялық зертхана" мекемесінің басшы орынбасары;
  • Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары мен аймақтық инспекция басшылары;
  • "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ, Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты;
  • сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, "Павлодар", "Тобыл", "Солтүстік" және "KOKSHE" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жауапты қызметкерлері бар.

Жоғары аудиторлық палата анықталған бұзушылықтарды жою және саланың тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу