Аудиторлық тексеріс 154 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

1359

Министр дерегінше, оның 140 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілген.

Аудиторлық тексеріс 154 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

Бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық тексеріс 154 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Бюджет қаражатының жұмсалуы тұрақты бақылауда. Есепті кезеңде аудиторлық шаралардың қорытындысымен 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды", – деді ол.

Министр дерегінше, оның 140 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілген.

"Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде 465 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді", – деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу