Аудиторлық тексеріс Жамбыл облысы спорт мекемелерінің былығын әшкере етті

594

Жалпы тексеру комиссиясы 40-қа жуық мекемеде мониторинг жүргізген. 

Аудиторлық тексеріс Жамбыл облысы спорт мекемелерінің былығын әшкере етті Фото: google.com

Жамбыл облысындағы спорт мекемелеріне  жүргізілген аудиторлық тексеріс бірқатар қаржылық былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Atameken business. 

"Мәселен, "Тараз" футбол клубы бақандай 610 млн теңгені негізсіз жаратқан. Кәсіпқой клуб 2020-шы жылы 5 млн теңгелік сыйақыны 39 қызметкерге заңсыз үлестіріп берген. Мұнан өзге Түркиядағы оқу-жаттығуға жұмсалған 20 млн теңгенің қаржылық құжаты жоқ. Нақтысы легионерлермен ұшып-келу және қажетті шығындарға келісім-шарт жасалмаған", - дейді тексеру комиссиясы.

Аудиторлық тексеріс клубтың 422 млн теңге көлемінде салық берешегі барын айтады. Енді тиісті тарап алдағы 1 желтоқсанға дейін 63 млн теңгені мемлекет қазынасына қайтаруға тиіс. Олай болмаған жағдайда, іс сотқа өтпек. Жалпы тексеру комиссиясы 40-қа жуық мекемеде мониторинг жүргізген. Мұнан өзге "Тараз-арена" спорт кешені де 15 млн теңгені мақсатсыз жұмсағаны анықталып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу