Аудиттің енгізілуімен жоспарлы тексерістер 10 есе азайды – Азамат Ахметов

692

Өткен жылы бюджет кірісіне 1,7 млрд теңге қайтарылды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 15%-ға артық. 

Аудиттің енгізілуімен жоспарлы тексерістер 10 есе азайды – Азамат Ахметов

ҚР қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Азамат Ахметов мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстанда шексіз тексерістерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік аудит нысандарының тізімі әзірленген.

"Аудиттің енгізілуімен 2015 жылмен салыстырғанда жоспарлы тексерістер бірнеше есе, атап айтқанда, 10 есе азайды. Бұл орайда, тексерістердің дәлме-дәлдігі едәуір тиімділік береді, яғни, анықталған заң бұзушылықтардың үлес салмағы 1,5 есеге дерлік өсті. Егер нәтижелілігіне қарасақ, 2015 жылы ол 30% құрады, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 42%-ға дейін өсті", — деді Азамат Ахметов.

Өткен жылы қабылданған шаралар арқылы 193 млрд теңге көлеміндегі жойылуға тиіс бұзушылықтардың жалпы сомасынан 185 млрд теңге сомасына бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, бюджет кірісіне 1,7 млрд теңге қайтарылды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 15%-ға артық. 88 млрд теңгеге есепке алу қателіктері жойылды. 50 млрд теңгеге бюджеттік ассигнациялау кері шақырылды, 19 млрд теңгеге жұмыс тауарларын жеткізу толықтырылды.

Бұдан өзге, анықталған бұзушылықтардың себептерін жою және аудит қызметінің тиімділігін арттыру үшін 2,5 мың ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ,  өткен жылы жалпы сомасы 130 млн теңгеге 2,6 мыңға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, мыңға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

700-ден астам материал процессуалдық заң бұзушылықтарды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу