Әуе апаты бәріміздің көңілімізді жабырқатты – Мәулен Әшімбаев

243

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе апаты бәріміздің көңілімізді жабырқатты – Мәулен Әшімбаев Фото: Сенат

– Ақтау қаласының маңыңда болған әуе апаты бәріміздің көңілімізді жабырқатқаны анық. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астанадан Ақтауға дәрігерлер мен медицина мамандарын шұғыл жеткізу жөнінде тиісті органдарға нақты міндет жүктеді. Соған сәйкес қазір зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға алынған осы шаралар ауруханаға түскендердің сауығып шығуына оң септігін тигізеді деп сенеміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын, – деп жазды ол. 

Мәулен Әшімбаев сондай-ақ қайғылы жағдайдан жапа шеккендерге қол ұшын созып, өз еріктерімен қан тапсырып жатқан Маңғыстау облысының тұрғындарына ризашылығын білдірді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу