Әуе апаты болған жерді дронмен түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

230

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әуе апаты болған жерді дронмен түсірген блогер 10 тәулікке қамалды Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Ақтау маңында болған ұшақ апатын дронмен түсірген жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Түпқараған аудандық сотының қаулысымен құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот блогерді 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

"Сот 2024 жылдың 25 желтоқсанында сағат 13:00 шамасында азамат С.-ның Баку-Грозный бағытындағы ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде болғанын анықтады. Аумақты полиция қызметкерлері қоршап алғанына қарамастан, С. дрон мен ұялы телефонды пайдаланып, бейнетүсірілім жасады. Құқық бұзушының әрекеті құтқару қызметтерінің жұмысына және тергеу әрекеттеріне кедергі келтірді. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу