Әуе апатынан қаза тапқан дәрігерлер жас босанған анаға көмек көрсету үшін ұшқан

968

Әуе апатынан қаза тапқан дәрігерлер жас босанған анаға көмек көрсету үшін ұшқан

Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде екі акушер-гинеколог болған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Ауыр халдегі анаға медициналық көмек көрсету үшін 3 қазан 18:39-да Алматыдан Шымкентке санитарлық авиация бригадасы шықты, оның құрамында екі дәрігер: профессор, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинекологы Талғат Анапиаұлы Патсаев және профессор, кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-реаниматологы Жәнібек Төкенұлы Артықбаев болды", - делінген хабарламада.  

Бортта науқас болмаған. East Wing әуекомпаниясының Ан-28 ұшағымен ұшу республикалық санитарлық авиация орталығымен арадағы келісімге сәйкес жүзеге асқан.  

Бортпен байланыс үзіліп, кейін ұшақ Алматы маңынан табылды. Бес адам қаза тапты. 

ҚР денсаулық сақтау министрлігі қайғыра көңіл айтып, қызмет үстінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына моральды және материалды көмек көрсетеді, деп атап өтті баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу