Әуе билеттері бағасының шарықтауына заңнамадағы олқылық себеп

403

Премьер-министр мұның алдын алу үшін жауапты органдарға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. 

Әуе билеттері бағасының шарықтауына заңнамадағы олқылық себеп Фото: www.nur.kz

Заңнаманың солқылдақ тұстары әуе билеттері бағасының шарықтауына себеп болып отыр. Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында жолаушылар әуе тасымалы нарығын және мұнай өнімдері саласындағы монополияға қарсы жаңа шараларды қарастырды.

Нақтыласақ, мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі қызметін аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселесі талқыланды. Бұл саладағы артық делдалдарды ығыстыруға  мүмкіндік болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу