Ел жаңалықтарына ойыссақ. Алматы әуежайының тарифтері артуы мүмкін. Салдарынан Алматыдан ұшатын әуе компаниялардың билеттері де қымбаттайды. Қазіргі уақытта әуежай басшылығы тарифтерді көтеру үшін күш салып жатқандарын алға тартты. Олардың айтуынша, салыстырмалы түрде алғанда тарифтердің бағасы өте төмен. Мәселен, ішкі рейстерге 400 теңге, халықаралық рейстерге 1900 теңге әуежайға төленеді. Ал өзге әуежайларда 2 есеге дейін қымбат. Мысалы, Бішкекте 4700, Мәскеуде 3200, ал Дубайда 6400 теңгені құрайды. Сондықтан, басшылық әуежайдың қызмет сапасын арттыру үшін тарифтерді арттыру керек деп отыр. Алайда нақты қай уақыттан бастап қымбаттайтыны әзірге белгісіз.
Қобыланды Тумышев, "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ Президентінің орынбасары
Халықаралық компаниялар үшін Әуебилеттерінің 11-14 пайызы әуежайға төленеді. Эйр Астанаға да дәл солай. Бұл төлемге монополиялық қызметтер, ұшу және қону, әуе қауіпсіздігі, траптар мен арнайы техникалардың қызметі кіреді. Егер біз осы қызметтердің бағасы көтерсек, сәйкесінше билет бағасы да қымбаттайды.