2025 жылы "Qazaq Air" АҚ (қазіргі атауы — Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының деректерін түзеткен, олардың басым бөлігі — екі әріпке дейінгі қателер.
Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді.
Әуе жолаушыларының құқықтарын қорғау және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.