Әуе билеттерінің бағасы қашан арзандайды

1250

Бәсекелестік туғызу мақсатында 9 қалада "ашық аспан" режимі енгізіледі. 

Әуе билеттерінің бағасы қашан арзандайды

"Әуе кеңістігін ашу керек!" Елорданың дамуына арналған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, халықаралық рейстер санын арттыруды тапсырды.

Бүгінде Нұр-Сұлтаннан 30 халықаралық бағытта тікелей рейс қатынайды. Бұл әрине, өте аз. Оның өзін бір ғана компания жүзеге асырып отыр. Бәсекелестік болмаған жерде, баға да асқақтай беретіні белгілі.  Десе де, алдағы уақытта әуе билеттерінің бағасы түсетін болды. Бұл бағытта қазір жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Оны кеше үкіметте еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзі айтты.

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше бәсекелестік туғызу мақсатында 9 қалада "ашық аспан" режимі енгізіледі. Демек, Нұр-Сұлтан мен Алматыны айтпағанда,  Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларына халықаралық бағыттағы рейістер қатынайды.

Жалпы бүгінде елімізде 59 әуе компаниясы жұмыс істейді, Еуропалық одақ елдеріне ұшуға оның тек тоғызының ғана рұқсаты бар. Неге?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу