Әуе билеттерінің бағасын жоғарлатқан Эйр Астананың үстінен әкімшілік іс қозғалды

1122

Әуе билеттерінің бағасын жоғарлатқан Эйр Астананың үстінен әкімшілік іс қозғалды

Әуе тасымалдау қызметтерінің жоғары болу себебін тексерген антимонополиялық орган "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясына құжаттар мен ақпараттарға сұрату салған. Олардың кейбіріне мүлдем жауап алмаса, кейбірінің жауабы толыққанды болмаған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" МАА хабарлады.

"Тергеп-тексеру басталғаннан бері монополияға қарсы орган авиакомпанияның атына ақпарат және құжаттарды ұсыну туралы 3 сұрау салды. Оларға жауап берілмеді не толық көлемде берілмеді. Осыған орай, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізіп жатқан лауазымды адамдары, жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде 30 қыркүйектегі және 6 қазандағы сұратылған ақпаратты ұсынбағаны/ақпаратты толық көлеме ұсынбағаны үшін  "Эйр Астан" АҚ қатысты әкімшілік істер қозғады", - делінген хабарламада.

"Эйр Астана" АҚ қатысты жүргізіліп жатқан тексеру аясында барлығы 3 әкімшілік іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу