Әуе қатынасы жандана бастады

999

Көктемнің алғашқы айында отандық әуе компаниялар 2 есе көп жолаушы тасымалдады.

Әуе қатынасы жандана бастады

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 61,7 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 69,7 млрд теңге болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Дәстүрлі түрде табыстың басым бөлігі жолаушылар тасымалынан түскен –  57,5 млрд теңге. Ал жүк тасымалда түскен табыс 4,1 млрд теңгені құрады.

Жалпы алғанда 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында әуе компанияларының кірістері 2 есе төмендеген.  2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі 403 млрд теңге болса, былтыр 187,7 млрд теңгеге тең.

Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректері бойынша әлемде халықаралық жолаушылар тасымалына деген сұраныс 2020 жылы 2019 жылғы деңгейден 75,6%-ға төмен болған. Ішкі сұраныс бір жыл ішінде 48,8% құлдыраған.
Сонымен қатар Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) болжамына сәйкес, авиация саласы 2021 жылы 47,7 млрд доллар табысынан қағылған (таза пайда маржасы - 10,4%). 

Ал биылғы жылдың үш айында Қазақстанда әуе көлігімен 1,9 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны бір жыл ішінде 11,1% -ға төмендеді. 

Тек наурызда 727,7 мың адам тасымалданды - бұл ақпанмен салыстырғанда бірден 29,6% -ға жоғары, ал өткен жылдың наурызымен салыстырғанда екі есеге жуық (1,8 есе) көп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу