Әуе кемесі командирінің тәртіпсіз жолаушыға шара қолдану құқығы кеңейеді

2044

Әуе кемесі командирінің тәртіпсіз жолаушыға шара қолдану құқығы кеңейеді

Әуе кемесі командирінің бортағы бұзақыны "тәубесіне" келтіру құқығы кеңейеді. Бұл туралы азаматық авиация комитетінің төрағасы Талат Лестаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, бүгін ҚР парламенті сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Онда "Әуе кемесі бортында жасалатын қылмыстар мен өзге де бірқатар акті туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасы қаралды.

"Конвенцияның негізгі мақсаты -  әуе кемесінің бортында жасалатын қылмыстарға және әуе кемесін басып алу мен айдап әкету қылмыстарына қарсы әрекет ету. Дегенмен, біздің заңнамамыз мұндай мәселелердің барлығын қамтиды. Яғни, барлық қылмыстардың алдын алуға негізделген. Алайда, біз бұл конвенцияға ең алдымен ICAO халықаралық азаматтық авиация ұйымының алдындағы міндеттемемізді орындау үшін қосыламыз. Екіншіден, әуе кемесі командирінің бұзақыға пластмассадан жасалған кісен қолдану сынды шектеу шараларын қолдану құқығы кеңейтіледі", - дейді отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев. 

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, ұшу қауіпсіздігіне қатер төнетін болса, онда экипаж командирі мен мүшелері, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, тіпті  жолаушылар да бұзақыны тыныштандыру үшін ақылға қонымды шараларды қолдануға құқығы бар.   

Сонымен қатар, ол бұл конвенцияны ратификациялау нәтижесінде компьютерлік жүйеге кіру арқылы жасалатын кибершабуылдарға тосқауыл қойылатындығын айтты.

"Кибершауылға қарсы арнайы  жүйе, қорғаныс шаралары  қабылданған. Кәсіпорындарымызда кибершабуылдарға қарсы әрекет ететін арнайы мамандар да бар. Ал әуе қозғалысының навигациясына келер болсақ, онда жоғарды аталған шабуылдарды тойтаратын бөлімше жұмыс істейді", - деді Талғат Лестаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу