Әуе кемесінің бортында нақты қанша адам болғаны анықталды

Құтқару жұмыстарына 700-ден аса жеке құрам тартылған.

Әуе кемесінің бортында нақты қанша адам болғаны анықталды Фото: ТЖМ

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған әуе апатына қатысты соңғы ақпаратты таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті апат-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаев ұшақ бортында 67-ден де көп адам болғанын айтты.

– Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 69 адам болған, оның 5-еуі – экипаж мүшесі. Оның ішінде 42 Әзірбайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы және 16 РФ азаматы болған, – деді ол.

Қайрат Жанаспаевтың сөзінше, қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқару жұмыстарына 701 жеке құрам және 82 бірлік техника жұмылдырылған. 

– 28 адам ауруханаға жеткізілді, оның 2-еуі – бала, – деп сөзін толықтырды министрлік өкілі.

Осыған дейін ұшақ апатынан зардап шеккендерге қатысты соңғы мәліметті жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу