Әуе көлігімен жолаушылар тасымалы пандемияға дейінгі көрсеткіштерден асып түсті

1240

Жыл басынан бері 6 млн-нан астам жолаушы тасымалданды, бұл былтырғы жылдан 90%-ға, 2019 жылдан 8%-ға жоғары. 

Әуе көлігімен жолаушылар тасымалы пандемияға дейінгі көрсеткіштерден асып түсті

2021 жылдың қаңтар-тамызында әуе компаниялары 6,1 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 90,3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұтастай алғанда, көрсеткіштер 2019 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 8%-ға өсті (2019 жылдың сегіз айында бұл көрсеткіш 5,6 млн адамды құрады).

Жолаушылар тасымалы бір жылда 92,4%-ға 9,5 млрд шақырымға дейін өсті. Бұл ретте 2019 жылғы "дағдарысқа дейінгі" кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 16%-ға төмендеді.

Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар-тамызында әуе көлігімен 22,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 73,1%-ға көп. Мәселен 2020 жылдың сегіз айында бұл көрсеткіш 13 мың тоннаны құрады, өткен жылғы (-21,4%).
 
Жыл басынан бері жүк айналымы 50,2 млн тонна-шақырымға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 46,4%-ға көп. 2020 жылы индикатор 34,3 млн тонна-шақырым болатын (-35,9%). 

Биыл әуе компанияларының кірісі 229,9 млрд теңгені құрады, 2020 жылы бұл көрсеткіш 119,4 млрд теңге төңірегінде еді. Ал 2019 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 258,2 млрд теңгеге жеткен. 

Кірістің негізгі бөлігі дәстүрлі түрде жолаушылар тасымалы есебінен қалыптасты. Жалпы көлемнің 94,7%-ы немесе 217,7 млрд теңге. Қалған 5,3%-ы немесе 12,2 млрд теңге жүк тасымалдауға тиесілі.

Биылғы жылдың қыркүйек айының соңында жолаушылар әуе көлігі қызметтерінің бағасы тамызбен салыстырғанда 9,5%-ға төмендеді. Алайда жылдық динамикада, яғни 2020 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 8,7% өсім байқалады. 

Жылдық динамиканың ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау (30,7%), Түркістан (30%) және Павлодар (29%) облыстарында тіркелді.  Солтүстік Қазақстан облысында баға бір жыл бұрынғы деңгейінде қалды. Тағы төрт облыста баға төмендеді: Шымкент (1,7%), Ақтөбе (4,2%), Ақмола (22,5%) және Батыс Қазақстан (31,7%) облыстарында.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау бағасы бір жыл ішінде 28,2%-ға өсті.  Соның ішінде халықаралық байланыс сегментінде 39%-ға, республикаішілік 3,8%-ға. Сектордағы баға бір ай ішінде өзгерген жоқ.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу