Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов осылай деп мәлімдеді.
"ПТР-тест анықтамасы жоқ шетел азаматын бортқа кіргізген әуе компанияларына 1600 АЕК айыппұл салынуы мүмкін. Жалпы шетелде жүрген отандастарымызға елге келерде міндетті түрде ПТР-тест тапсырыңыздар деп ескерткім келеді. Бүгінде шетелде жүрген отандастарымызға ПТР-тест тапсырудың еш қиындығы жоқ. Себебі халықаралық әуежайларда, қалалар мен қонақ үйлерде тест тапсыратын пункт бар. Оның қорытындысы бір тәуліктің ішінде шығады", – деді ол.
Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, карантинге жатқызылған отандастарымыздың көбі –демалыстан келгендер.
"Көбі Түркия мен Араб Әмірліктерінен оралғандар. Ал жұмыс сапарымен барған отандастарымыз бен студенттеріміз ПТР-тест анықтамасымен оралуда", – деді ол.
Құралай Құдайберген