Әуе компанияларына жолаушылардың "қара тізімін" жасау рұқсат етілуі мүмкін

775

Азаматтарды тізімге тек әуе кемесінің бортында құқық бұзушылық жасап, кінәсі сотта дәлелденген жағдайда ғана енгізуге болады. 

Әуе компанияларына жолаушылардың "қара тізімін" жасау рұқсат етілуі мүмкін

2021 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мамандары отандық әуе көлігі саласында аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейін 84%-ға дейін ұлғайтты. Аталған көрсеткіш орташа әлемдік деңгейден 15%-ға жоғары. Бұл туралы салалық кеңесте Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Талғат Ластаев салаға қатысты өзгерістерді қамтитын заңнамаға енгізілген түзетулер туралы мәлім етті. Атап айтқанда, әуе компанияларына жолаушылардың жеке "қара тізімін" жүргізуге мүмкіндік беретін ереже енгізілуде. Әуе көлігімен қозғалысы шектелген азаматтарды тек әуе кемесінің бортында тікелей жасаған құқық бұзушылықтары үшін және олардың кінәсі сотта дәлелденген жағдайда ғана енгізуге болады.

Комитет басшысы 2023-2024 жылдары ұйымның алға қойған жоспарларының бірі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудитінен сәтті өтуге бағытталғанын атап өтті. Қазақстанның Авиация әкімшілігі мен АҚШ Көлік қауіпсіздігі басқармасы арасындағы ынтымақтастық аясында Америкаға тікелей әуе рейстерін ашу жалғаспақ. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу