Әуе компанияларының кірісі 2 есе қысқарды

500

Биыл жолаушылар тасымалы 38%-ға, жүк тасымалы 19%-ға төмендеген. 

Әуе компанияларының кірісі 2 есе қысқарды

Қазанның соңындағы деректер бойынша әуе компанияларының жолаушылар тасымалы үшін бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 2,4%-ға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға қысқарды, деп хабарлайды Finprom.kz. 

Ең төмен көрсеткіш (өткен жылдың қазанынан 36,9% аз) Нұр-Сұлтанда тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы (өткен жылдың қазанынан 28,8%) және Шымкенте (өткен жылдың қазанынан 28,7%) қалалары. Алайда 17 өңірдің төртеуінде жағымды динамика байқалады. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстары. 

2020 жылдың қаңтар-қазанында әуе компаниялары 4,4 млн адам тасымалдаған. 
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 38,2%-ға төмен. Тек қазан айында бұл қызмет түрін 621,5 мың жолаушы пайдаланды. Бірақ бұл қыркүйекпен салыстырғанда 2,1% жоғары. 

Ал қазан айындағы жағдай бойынша әуе көлігімен 17,5 мың тонна жүк тасымалданған. Мұнда көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңінен 18,5% төмен. Тек қазан айындағы көрсеткіш 2,1  мың тоннаны құрайды. Қыркүйек айымен салыстырғанда зат тасымалы 16,7%-ға қысқарған. 

Ал жалпы жүк айналымы 42,7 млн тонна шақырымды құрады (тш). Бұл да 2019 жылдың қазанынан 36%-ға төмен. Тек қазан айында  жүк айналымы 3,6 млн тонна шақырымға тең болды. Осылайша бір айда көрсеткіштер 26,8%-ға кеміді.

Ал әуе компанияларының кірісі 154,2 млрд теңгеге тең. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 54%-ға төмен. Кірістің 94,9%-ы немесе 146,4 млрд теңге жолаушылар тасымалынан түскен. Компаниялардың кірісі 2,2 есе қысқарды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу