Әуе компанияларының кірісі 41%-ға қысқарды

871

Жолаушы тасымалының құны 6%-ға арзандады. 

Әуе компанияларының кірісі 41%-ға қысқарды

2021 жылдың қаңтарында ел әуе компанияларының кірісі 19,6 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 40,8%-ға төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған көрсеткіштің ішінде 17,9 млрд теңге  жолаушылар тасымалынан, 1,7 млрд теңге жүк тасымалынан түскен. 

Ал өткен жылдың қаңтар айында әуе компаниялар кірісі 33,1 млрд теңгеге жеткен.

Осылайша қаңтарда 592,1 мың адам ұшақпен діттеген жеріне жетті. Мұнда да статистика өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 14,1% төмен.

Сонымен қатар отандық әуе компаниялары 2,5 мың тонна жүк тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34,1% жоғары. 

Елімізде "Эйр Астана", SCAT, QAZAQ AIR, FlyArystan бірнеше тасымалдаушы бар. Олар рейстерін барынша уақытылы орындауға тырысады.

Айта кететіні, рейс белгіленген уақыттан 15 минут өткенге дейін ұшып, діттеген әуежайға қонса, уақытылы орындалды деп есептеледі. 

Мәселен, "Эйр Астана" бөліскен мәліметтерге сүйенсек, 18 ақпандағы жағдай бойынша тасымалдаушы соңғы 30 күнде рейстерінің 90,9%-ын уақытылы орындаған. Өткен жылы орта есеппен бұл көрсеткіш 87,6% болатын. 

Бұған қоса қаңтарда жолаушы тасымалының құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға арзандаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу