Әуе компанияларының кірісі төрт айда 119,6 млрд теңгеге жетті

618

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 31,5%-ға артық.

Әуе компанияларының кірісі төрт айда 119,6 млрд теңгеге жетті

2022 жылғы қаңтар-сәуірде авиакомпанияның кірісі 119,6 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай мәнде 31,5%-ға артық, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Кірістің басым бөлігі дәстүрлі түрде жолаушы тасымалдаудан түсті: 116,9 млрд теңге. Жүк тасымалдаудан түскен кіріс 2,7 млрд теңгені, лизингтен 1,4 млрд теңгені құрады.

Салыстырар болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде түсімдер жылына 27,6% немесе ақшалай мәнде 91 млрд теңге шамасында еді.

Соңғы бірнеше жылда табыс деңгейінің төмендеуі 2020 жылғы "корона дағдарысында" ғана байқалды.

Биылғы жылдың төрт айында еліміздің әуе компаниялары 2,6 млн жолаушы тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,4%-ға артық. Бір қызығы, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айлары, яғни, "корона дағдарыс" кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылы жолаушылар саны 20,3%-ға өсті.

Мұнда Алматы көш бастап тұр (1,8 млн адам), жылына +2%. Одан кейінгі орындарда Шымкент (634 мың адам) мен елорда (151,4 мың адам).

2022 жылғы қаңтар-сәуірде жолаушылар айналымы 4,3 млрд пкм құрады, жылдық өсім 13,2%.

Бұл ретте жүктерді әуе көлігімен тасымалдау саласында көрсеткіштердің төмендеуі байқалды. Мәселен, 2022 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша жүк пен багажды тасымалдау көлемі небәрі 6,2 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 38,7%-ға аз. Жүк айналымы бір жылда 39,3%-ға төмендеп, 13 млн ткм құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу