Әуе компанияларының шығыны 312 млрд доллардан асты

652

Егер әлем елдері бірігіп, осы саланы құтқару үшін қаржы бөлмесе, ең ірі компаниялардың өзі жабылып қалуы мүмкін.   

Әуе компанияларының шығыны 312 млрд доллардан асты

Індет өршігелі бері әуе  компаниялары орасан шығынға ұшырады. Олар соңғы екі айда 312 млрд доллардан қағылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Егер халық карантин тәртібін сақтаса, жоғалтқан қаржының көлемі 25 пайызға кем болар еді дейді олар.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн-нан асып кеткеніне қарамастан, Жаһандық әуе компаниялары қауымдастығы да тездетіп жұмысқа кірісуді қалайды. Себебі күн өткен сайын шығын көлемі көбейіп барады. Егер әлем елдері бірігіп, осы саланы құтқару үшін қаржы бөлмесе, ең ірі компаниялардың өзі жабылып қалуы мүмкін.   

"Ішкі рейстерден бастап, біртіндеп жұмысқа кірісу жоспарын әзірлеп қойдық. Сосын аймақтық, құрлықаралық байланысты біртіндеп іске қосу керек. Әрекетсіз отыра беруге болмайды",– дейді Халықаралық әуе тасымалы қауымдастығының бас директоры Александр де Жюньяк.

Әзірге "Люфтганза", "Бритиш Эйруэйс" сынды компаниялар Қытай арқылы халықаралық рейске шығуға дайын екендерін мәлімдеді. АҚШ карантин мерзімін созғандықтан, ұшқыштарын қолдау үшін 25 млрд доллар бөлді. Ең ірі компаниялар 5-6 млрд доллар алып, қарыздарының 30 пайызын жабуға мүмкіндік алды. 

"Қаржы министрімен ақылдасып, әуе компаниялары қызметкерлерінің айлығын үкімет есебінен төлеу мәселесін қарастырамыз. Бұл – экономикасыздың аса маңызды саласы. Салық төлеушілерді қолдамасақ болмайды",– дейді Ақ үй басшысы Дональд Трамп.

Әдетте осы мезгілде жаһанды шарлайтын жиһанкездер жіпсіз байланып отыр. Салдарынан 16 жыл қатарынан өсім көрсеткен авиаөндіріс шығыны еселеніп барады. Коронавирус таралмай тұрғанда, әуе өндірісінің сарапшылары биыл саяхатшылардың саны күрт артады, ұшақпен қатынайтын жолаушылардың саны 2063 жылға қарай екі есе көбейіп, 7 млрд 800 млн-ға жетеді деп болжаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу