Әуе компаниясы коронавирустың алдын алу шараларын күшейтті

1154

Air Astana компаниясы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша жолаушыларға профилактикалық шараларды күшейтетінін хабарлайды.  

Әуе компаниясы коронавирустың алдын алу шараларын күшейтті

Жолушыларға қызмет көрсету, тіркеу, ұшуға дайындықты әуежай қызметкерлері қолғап пен бетперде киіп жүзеге асырады. Әуежайға келген жолаушылар мен экипаж мүшелерінің дене қызуы өлшенеді. Сонымен қатар барлық экипаж мүшелеріне коронавирустық инфекциядан сақтану үшін тазалық шаралары бойынша түсініктеме жүргізіледі.

Атап айтсақ дизинфекциялық тазартқыштар мен бетперде үлестіріледі. Бұдан бөлек әр рейстен соң ұшақ борты  арнайы сұйықтықпен екі рет тазартылады. Сондай-ақ жолаушының бірінде ауру белгілері байқалса, өзгелеріне бетперделер үлестіріледі. Ал ұшақ жерге қонған соң әуе компаниясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабар беріп, дезинфекциялық шараларды жүзеге асырады.

Жалпы Air Astana ұшақтарының барлығы жоғары сапалы HEPA фильтрлармен жабдықталған. Ол микробтардың 99,97%-ын өткізбеуге қаухарлы. Әрі бұл фильтрлар жиі ауыстырылады. IATA (Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы) мәліметі бойынша ұшақ бортындағы фильтрлар кеңселер мен сауда орталықтарына қарағанда жиі жаңартылып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу