Әуе компаниясының екі бортсерігі індет жұқтырған

716

Төтенше жағдай кезінде отандық әуе компанияларының қызметкерлеріне жалақы тиісті мөлшерде төленуде.

Әуе компаниясының екі бортсерігі індет жұқтырған

Отандық әуе компаниясының екі бортсерігі індет жұқтырған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда екі қызметкердің COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді – Air Astana компаниясының екі бортсерігі. Олар қызмет барысында емес, тұрмыстық жағдайда індет жұқтырған. Қазіргі кезде қызметкерлер жазылды, үйдегі карантинде", – деді Қанат Алпысбаев.

Сонымен қатар ол төтенше жағдай кезінде отандық әуе компанияларының қызметкерлеріне жалақы тиісті мөлшерде төленіп жатқанын айтты.

"Air Astana" компаниясы қызметкерлерінің бір бөлігі ақылы еңбек демалысына жіберілді. Ал демалыс күндері біткен кезде төлем Еңбек Кодексінде көрсетілгеннен де тиімдірек тағайындалады. Дәлірек айтсақ, ағымдағы жалақыларының 50%-ы. Ал QAZAQ AIR-дің қашықтықтан жұмыс істеп, жұмыс орнында қалып немесе еңбек демалысына жіберілген қызметкерлеріне жалақы толық төленеді. Ал ТЖ уақыты ұзартылса мамыр айында ағымдағы айлықтың 60%-ы төленеді", – деді Қанат Алпысбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу