Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді

2418

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар тұрған жер жыл бойы жабық тұрады. Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді

Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді. Бұл жерді абаттандыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  Aktobenews.kz.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар тұрған жер жыл бойы жабық тұрады. Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

"ҚР қорғаныс министрлігінің Ақтөбе аудандық пайдалану бөлімі де өз үлесін қосып жатыр. Олар Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағында сквер салу үшін жерді жергілікті әкімдікке қайтарып берді. Алдымен 4 ұшақ коммуналдық мекемеге берілді, енді алтауын береді. Қазір осыған инвестор іздеп жатырмыз", – деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу