Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқыс жайт, бүгін, 2 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болған. Ұшқышсыз ұшу аппараты Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды.
Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді.
Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу