Әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады

348

Елдегі су тасқынына байланысты ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі халықты қауіпсіз жерге көшіруге жұмылдырылды.  

Әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды, 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу