Әуе рейстері жанданғалы бері 400 мыңнан аса жолаушы тасымалданды

809

Төтенше жағдай режимі кезінде, 1 сәуір 1 мамыр аралығында 45 бағыт бойынша  540 рейс тоқтатылды.

Әуе рейстері жанданғалы бері 400 мыңнан аса жолаушы тасымалданды

Елімізде 3 ақпаннан бастап 97 бағыт бойынша аптасына 440 халықаралық әуе рейсі немесе барлық халықаралық ұшулардың 99%-ға қысқартылды.

Биылғы қаңтар-маусым айларында әуе компаниялары 2,1 млн адам тасымалдаған. Бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға төмен (3,7 млн адам).

Төтенше жағдай аяқталған уақыттан бастар ішкі рейстер бойынша аптасына 45 бағытта 497 рейс қайта жаңғыртылды. 1 мамырдан бастап 400 мыңнан астам жолаушы тасымалданған.

Ведомствоаралық комиссияның 11 маусымдағы шешіміне сәйкес Министрлік Түркиямен және Оңтүстік Кореямен халықаралық әуе рейстерін қайта бастау мәселесін пысықтаған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға рейстерді қайта ашу жоспарланып отыр.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

Алайда Түркия Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары шеңберінде 4 шілдеден бастап ел аумағына Қазақстаннан рейстердің кіруін шектеу туралы шешім қабылдады. 

Тек Түркия азаматтары мен жұмысқа және Түркияда тұруға рұқсаты бар жолаушыларға кіруге болады. Түркия жағы эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бұл шектеу алынып тасталатынын хабарлады.  

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24 маусымдағы қаулысына сәйкес Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне тұрақты рейстерді орындауға рұқсат етіледі. Осыған байланысты, Министрлік ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аталған елдермен рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтауда.

Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту бағытында биыл Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежайды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы әуежайының аэровокзалы кешенін жаңарту жұмыстары жалғасады.

Ішкі туризмді дамыту шеңберінде қаржыландыру бөлінген жағдайда Үржар және Үшарал қалаларындағы әуежайдың тағы екі үшу-қону жолағы жаңартылады.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу