Әуе соққысынан 51 лаңкестің көзі жойылды

705

Дегенмен олар елдімекендерге әлі де шабуыл жасап жатыр

Әуе соққысынан 51 лаңкестің көзі жойылды

Газни қаласына жасалған екі әуе соққысынан кейін 51 лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы Ауғанстанның ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Сондай-ақ "Талибан" қозғалысының содырлары мен Ауғанстанның үкімет әскері соғысып жатқан қалаға жүздеген жауынгер мен 400 бронды машина жіберілген.

Бұл қақтығыс жұма күні басталған еді. Ресми деректер бойынша тәліптер елге кіре алмаған. Дегенмен елдімекендерге әлі де шабуыл жасап жатыр. 103 адам қақтығыстың құрбаны болды, тағы 133-і жараланған. Қаза тапқандардың 90-ы сарбаз және 13-і бейбіт тұрғын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу