Әуе жолаушылары 20 келілік жүк үшін ақша төлеп келген

1597

Ұшаққа отырған адам өзімен бірге 20 келіге дейінгі жүкті тегін алып жүру құқығына ие. Шын мәнінде, бұл норма ақылы боп шықты.

Әуе жолаушылары 20 келілік жүк үшін ақша төлеп келген

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 20 келіге дейінгі жүктің ақысы жолаушының тіркелген жүгінің бар болғаны қарамастан, әрдайым билет құнына қосылып отырған. Оның құны 4000 теңгеден басталады. Мәселен, жүксіз саяхаттайтын жолаушы тасымалдау тарифіне қоса жүк шығындарын да төлеген.

Бюджеттік әуе компаниясын (лоукостер) іске қосылған соң әуе көлігіндегі жүк нормасын тасымалдаушы белгілейтін болады. Заңнамалық тұрғыда осындай өзгеріс енгізілді.

Жалпы, әлемде лоукостер қызметі тиімділігін көрсетіп келеді. Өйткені билет құны төмен. Алайда, тариф төмендету үшін ұсталынатын шығындарды, сондай-ақ қосымша қызметтерді алып тастау қажет.

Fly Arystan отандық лоукостерін іске қосу билет құнын төмендету арқылы халыққа әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл 1 мамырда Алматы-Нұрсұлтан бағыты бойынша алғашқы рейсті орындау жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде барлығы 6 бағытты іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде Алматы-Қарағанды, Алматы-Тараз, Алматы-Орал, Алматы-Павлодар және Алматы-Шымкент бағыттары бар. Билеттерді сату 29 наурызда басталады. Аталған бағыттардағы тарифтер 3 999 теңгеден 12 999 теңгеге дейін болады.

Маршруттық желіні 2023 жылға қарай 54 бағытқа дейін кеңейту жоспарлануда.

"Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 жылғы №540 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өту қажет. Оған сәйкес, жүксіз тасымал құқығы тек лоукост-тасымалдаушыға – FlyArystan-ға ғана берілетін болады. Бұл ретте салмағы 5 келіге дейінгі қол жүгі рұқсат етіледі. 20 келі жүк нормасы басқа әуе компаниялардағы қызметтердің толық спектрі бар тасымалдаушыларда сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу