Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева әуе жолаушыларына берілетін COVID анықтамасы неше күнге жарамды екенін айтты.
"Әуе жолаушыларына берілетін COVID анықтамасы 7 күнге дейін жарамды. Сондықтан да ұшу алдында екі күн бұрын коронавирусқа тест тапсыру керек. Бұл анықтамамен 7 күн бойы кері бағытқа да ұшуға болады. Яғни, анықтама мерзімі өтпесе, қайтар жолға қайталап тест тапсырудың қажеті жоқ. Сонымен қатар санитарлық карантиндік бақылау қызметінің мамандары ұшаққа отырғызу алдында және ұшып келгеннен кейін байланыссыз термометр арқылы жолаушылардың барлығын тексереміз", – деді Дария Әзімбаева.
Есжан Ботақара