Әуе, жүк тасымалы салалары мен жекеменшік БАҚ салықтан босатылды

1008

Резиденттік сертификат ұсыну мерзімі ұзартылды.

Әуе, жүк тасымалы салалары мен жекеменшік БАҚ салықтан босатылды

Әуе тасымалы саласын қолдау мақсатында жыл соңына дейін әуежайлардан жер салығы мен жер учаскелерін пайдалану төлемі, ұшақтардың қосалқы бөлшектерінің импортына қосылған құн салығы және авиакомпаниялар үшін резидент еместердің қызметі бойынша қосылған құн салығы алынып тасталды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына да салық рақымшылығы жасалған. Олар 2020 жылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан төленетін салық пен міндетті төлемнен босатылған. 

"Халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдау үшін жыл соңына дейін ершікті тартқыштарды алғашқы тіркеу үшін алым алынып тасталды. Салықтық әкімшілендіру бөлігінде жыл соңына дейін резиденттік сертификат ұсыну мерзімі ұзартылды, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде ресімделген құжаттардың сканерленген көшірмелерінің заңдылығы танылды", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу