Әуебилеттері 12,2 пайызға қымбаттады

690

Әуебилеттері 12,2 пайызға қымбаттады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылғы тамызға тұтыну бағасының индексі өткен айға қатысты алғанда 99,7%, 2016 жылғы желтоқсанға – 103,9%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Азық-түлік тауарлардың арасында ағымдағы жылдың тамызында шілдемен салыстырғанда күріштің, құс етінің, қаймақтың, кондитерлік өнімдерінің бағасы 0,3%-дан, ұнтақ жармасы – 0,9% және сұлы – 0,4%, сөк, тоқаш және ұннан кондитерлік өнімдері – 0,2%-дан, балалар тағамы – 0,5%, шикі сүт – 1,2%, ультрапастерленген – 1,1% және консервіленген – 0,2%, мәйекті ірімшік – 0,7%, тұздалмаған сары май – 0,5%, татымдықтар – 0,4%, кофе – 1,3%, жеміс және көкөніс шырындары – 0,3%, алкогольды сусындар – 0,2%-ға өскені тіркелді.

Құмшекердің бағасы 0,7% арзандады.

Жеміс-көкөніс өнімдерінен алманың 1,6%, жүзім – 23,4%, банан – 24,3%, лимон – 0,5%, жаңа піскен қырыққабат – 31,7%, басты пияз – 2,6%, қызылша – 11,7%, сәбіз – 4,7%, қияр – 6,3%, қызанақ – 39,4%, тәтті бұрыш – 32,9%, картоп – 21,3%-ға бағаларының арзандағаны байқалды. Апельсин 10,2%, алмұрт – 1,4%, консервіленген жүгері – 0,8%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан киім және аяқкиім 0,3% (мектеп жасындағы балаларға арналған тауарлар – 1,1%), үйге арналған тауарлар – 0,1% (тұрмыстық тоқыма бұйымдары – 0,2%, ыдыстар – 0,4%, жұғыш және тазалағыш заттар – 0,3%), дәрі-дәрмектер – 0,3%, құрылыс материалдары – 0,6% (түсқағаздар – 0,4%, цемент – 2,2%), оқушылардың ранеці мен рюкзагы – 1,7%, баспа басылымдары – 0,4%, (оқу-анықтамалық әдебиеті – 1,8%), кеңсе тауарлары – 1,5%, жеке бас гигиенасы тауарлары – 0,2%, бензин – 0,8%, дизель отыны – 1,9%, көмір, отын – 0,3%-дан қымбаттады.

Көлік қызметі арасында алыс қашықтыққа қатынайтын поезд билеті 0,9%-ға арзандады, авиабилеттер – 12,2%-ға қымбаттады. Семей қаласында ішкі қалалық қатынастарда автобуспен бір бағытқа жол жүру 33,3%-ға өсті (60 теңгеден 80 теңгеге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу