Әуеде тікұшақ көрген браконьер моторлы қайықпен қашпақ болған

638

Қайықтан 84 келі балық және 400 метр балық аулау ауы тәркіленді. 

Әуеде тікұшақ көрген браконьер моторлы қайықпен қашпақ болған Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында әуеде тікұшақ көрген браконьер моторлы қайықпен қашпақ болған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 қараша күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімі, табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері Балқаш қалалық балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп, “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Аталған шараға мамандар тікұшақты пайдаланып, Балқаш көлінің үстінен заңсыз балық аулаушыларды тексеру мақсатында ұшу жұмыстарын жүргізді. Сағат 19.30 шамасында Шұбар-Түбек ауылының тұсында моторлы қайықты байқаған. Аталған қайықтағылар тікұшақты көре салысымен олардан қашпақ болған.

Полиция қызметкерлері олардың соңына түсіп, жағаға жеткенде 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қайыққа тексеріс жүргізу барысында 84 келі балық және 400 метр балық аулау ауы тәркіленді. Табиғатқа келтірілген шығын 417 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу