Әуекомпаниямен соттасып жатқан Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына кеңес берді

289

Ол желі қолданушыларын өз құқығын қорғай білуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әуекомпаниямен соттасып жатқан Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына кеңес берді Фото: Instagram/sultankyzy

Бұған дейін тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы ұшақта көзін жарақаттап, FlyArystan әуе компаниясымен соттасып жатқанын жазған едік.

Тележүргізуші әлеуметтік желіде оқырмандарына кеңес берді.

Ләйлә Сұлтанқызы әуекомпания кешірім сұраудың орнына жағдайды одан сайын күрделендіргенін атап өтті. Сонымен қатар төленген билетке лайық қызмет көрсетілуін талап етті.

"Егер де қателіктеріңізді мойындап, жіберген олқылықтар қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрасаңыздар, мұны жазбас та едім. Болған жайтты қалай бар, солай жаздым. Енді судмедэкспертизаны алайын, қалғанын сосын заң аясында шешерміз! Әйтпесе, мына түрлеріңізбен сіздерге наразылық білдіргендердің бәрін өтірікші қыларсыздар!" – деді тележүргізуші.

Желі қолданушыларын өз құқығын қорғай білуге шақырды.

"Оқырмандарым, алдағы уақытта осындай жағдайда әрқашан телефондарыңыздың камерасы, диктофон қосулы жүрсін. Кейде дәлел керек болып қалады. Ертең әуекомпанияның бортында барлық жағдай жасалып, аптечкалар табылса таңғалмай қуанайық, осы жағдай әсер етті деп қабылдайық. Болмай жатса, орынды ашық сынайық! Ал FlyArystan, өз парақшаларыңызда ұнамаған пікірлерді өшіріп отыру проблеманы шешпейтінін бізден жақсы білесіздер ғой", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу