Әуез Қарабалаев: "Шапағат" коммуналдық базарында шекердің бағасы 10 теңгеге арзан

1799

Әуез Қарабалаев: "Шапағат" коммуналдық базарында шекердің бағасы 10 теңгеге арзан

Базараларда тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдері сатыла бастады. Бұл туралы "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ активтерді басқару департаментінің бас менеджері Әуез Қарабалаев айтты, деп хабарлайды медиа орталығы.

 "10 сауда нүктесінде тұрақтандыру қорынан қант өнімі келісіне 260 теңгеден сатылуда, "Шапағат" коммуналдық базарында шекердің бағасы 10 теңгеге арзан", - деді Әуез Қарабалаев.

"Коммуналды базардың бәсекелестікке артықшылығы - жалға алушылар азық-түлік өнімін жеңілдікпен сатады.  Республика Үкіметінің ұйғарымына сәйкес, бұл жерде азық-түлікке қосылатын үстеме баға 10 пайыздан аспайды", - деді Ә. Қарабалаев.

Көктемде "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін бекіту жөнінде" Үкіметтің ұйғарымына өзгерістер енгізілген болатын.

"Бұл құжатқа сәйкес, "Шапағат" коммуналдық базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің 19 түрі қолжетімді баға бойынша сатылады", - деді Ә. Қарабалаев.

Елордада "Шапағат" коммуналдық базарында баға әлдеқайда төмен болғанына байланысты күнделікті 5 мың адамға дейін барады, ал демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш 2-3 есе артады.

Көрмені өткізу аясында сатып алушылардың ыңғайы үшін жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін болып өзгерді.

"Қазіргі уақытта жұмыстың жаңа кестесі бойынша келушілердің санына бақылау жүргізілуде. Егерде ол өз тиімділігін көрсетсе, жұмыс кестесінің өзгеруі көрме аяқталған соң да жалғасын табатын болады", - деді Ә. Қарабалаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу