Қазақстандық әуежайлардың басшылары ұшақтарға қызмет көрсету тарифтерін көтеруді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Айтуларынша, соңғы 13 жылдан бері елде авиация саласында тарифтер бір тиынға да көтерілмеген. Соның кесірінен көптеген әуажайлардың техникалары тозып, мүшкіл күйде тұр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Азаматтық авиация қауымдастығының бірінші съезінде айтылды. Қолданыстағы тарифтер әуежайлардың дамуына мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Тіпті ескірген ұшу-қону жолықтарын да жөндей алмай отырмыз дейді. Сала мамандары егер тариф көтерілсе, ұшақ билетінің бағасына кері әсер етпейді деп сендірді.
"Біз 2010 жылы бекітілген тарифтермен жұмыс істеп жатырмыз. Ол уақыттан бері жанар-жағармайдың бағасы көтерілді. Өңірлердегі әуежайлардың барлығының техникасы кеңес кезінде алынған, яғни әбден тозған. Украинадағы жағдайдан кейін көптеген техника бөлшектерінің де бағасы қымбаттады. Қазір біз турасын айтқанда еш дамып жатқан жоқпыз, тек өлместің күйін кешіп жұмыс істеп жатырмыз. Осыдан кейін бізден қауіпсіздікті қалай талап етуге болады? Жұмысшыларымыздың жалақысын қалай көтереміз?" - деді Көкшетау қаласы әуежайының директоры Марат Хасенов.
Бұдан бөлек, әуежай басшылары бізге жанар-жағармайды тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік берілсе деп отыр. Себебі, әуе компаниялары жанармайды өндірушілерден алса, аймақтық әуежайлар оны делдалдардан қымбатқа сатып алуға мәжбүр дейді.
"Біздің олар жанармайдың бағасын, сосын аэропорттың жағдайын олар өздеріп келіп аудит істейді, бізге ұшудың алдында. Просто бізге келіп ұша салмайды, бағасын қарайды, жағдайын қарайды. Біз ол әуе кемелерді қабылдай аламыз ба, алмаймыз ба. Олардың кемелері транзитпен жүретін кемелер үлкен әуе кемелер. Олар көп жанармай алады. Оны әрқандай Қазақстанның әуежайы қабылдай алмайды", - деді Азаматтық Авиация қауымдастығының президенті Ғабит Тәжімұратов.