Әуежай басшылығы: Билет бағасына бағамның еш әсері болмайды

1215

Александр Гордеев доллар бағамының баға саясатына қалай әсер ететінін айтты.

Әуежай басшылығы: Билет бағасына бағамның еш әсері болмайды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа басшылығы жылды  қорытындылап, алдағы жоспармен  бөлісу үшін журналистермен кездесті. Әуежай басшылығы бағамдағы айырмашылықтан баға саясатының өзгергеніне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Баға саясатынан бастайық. Әуежай басшылығы, азық-түлік бағасын қаладағы дәмханалар бағасынан төмен бағада ұстауға берген уәдесінде тұрғаны белгілі болды. Әуежай аумағындағы әрбір күту залында кофеханалар желісі жұмыс істей бастаған, олардың бағасы қаладағы бағадан төмен. Бұл ретте орындардың иесіне пайда әкелу үшін емес, жолаушыларға қолайлы болу үшін жасалғаны айтылды.

Әуежайдың бірінші вице-президенті Александр Гордеев доллар бағамының баға саясатына қалай әсер еткенін айтып, ұшақтардың тоқтаусыз ұшуы үшін қоймаларда отын жеткілікті ме соған тоқталды.  

"Бізде авиациялық керосин жеткілікті. Барлық қойма толтырылған, әзірге жеткілікті. Бір тәуліктегі шығыс- 600-700 тонна. Қоймадағы қор алдағы екі-үш айға толығымен жетеді. Келісімшарт бар, жеткізу үздіксіз іске асырылады. Билет бағасына бағамның еш әсері болмайды. Шетелдік жолаушылар үшін тарифті доллармен, жергілікті жолаушылар үшін теңгемен ұсынамыз. Осылайша, бағамның өзгергені еш әсер етпейді", -деді   журналистер сұрағына жауап берген спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу