Өскемен қаласының әуежайын қайта құру аяқталуға жақын. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөзі хабарлайды.
Қыркүйек айынан бастап облыс орталығының әуежайында автоматты багаж беру желісі жұмысын бастайды.
Қазіргі уақытта өңірде әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту саласындағы үш жоба іске асырылып жатқанын атап өту қажет. Семейде ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдарын және аэровокзалды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында сағатына 200 жолаушыға арналған терминалдың құрылысы және халықаралық әуежайдың аэровокзалдық кешенін қайта құру жүргізіліп жатыр.
Облыс орталығындағы объектідегі жұмыстарды жаздың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу