Әуежайда бейәдеп әрекет жасаған шетел азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді

162

Алматы қаласының әуежайында 34 жастағы Қытай Халық Республикасының азаматы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайда бейәдеп әрекет жасаған шетел азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді  Фото: Polisia.kz

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Шымкент бағытындағы рейске отыруға дайындалып жатқан жолаушыны тексеру кезінде оның күту залында, яғни ортақ пайдаланылатын жерде түкіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқанын анықтады.

Қоғамдық орынды ластаған құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы рейстен түсірілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 249 тұлғаны жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде 499 құқық бұзушы ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін айыппұл арқалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу