Әуежайда былапыт сөз айтқан ер адам үш айға сотталды

352

Ол әуежай қызметкерімен жанжалдасқан.

Әуежайда былапыт сөз айтқан ер адам үш айға сотталды Фото: Риа Новости

Ұлыбританиялық турист әуежайдағы оқиғадан кейін Дубай түрмесінен бір-ақ шықты. Саяхатшының анасына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны бермеген соң жанжал басталған. Ол әуежай қызметкерімен жанжалдасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саяхатшы өзі сұраған кезде бермей, басқа біреулерге арбаны беріп жатқанын көргенде жанжал ушыға түскен. Осы кезде ол әуежай қызметкерін балағаттаған.

Аталған оқиғаға байланысты әуежай қызметкеріне дөрекі сөйлегені үшін ер адамға қатысты қылмыстық қудалау басталған. Оған 10 мың дирхам (шамамен 1 250 000 теңге) айыппұл тағайындалған. Ұлыбританиялық азамат сотқа барып, үкімге шағымданған. Осы әрекеті үшін оны үш айға қамап тастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу