Әуежайдың жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

776

Әуежайдың жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

5 маусымда Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы "Аэрофлот" әуе компаниясының Мәскеу - Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады. Бұл күні жаңа терминал Airbus- 320 ұшағымен Мәскеуге ұшқан жолаушыларға қызмет көрсетті. Бұл туралы "Астана халықаралық әуежайы" баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық бағдарлар: Ташкент ("Өзбек әуежолы") пен Франкфуртке ("Lufthansa") ұшақ жіберу жоспарланып отыр.

"Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай арқылы жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуды бастадық",- дейді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

"Астана әуежайын дамыту жобасы әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын басты байланыс желісі – Орта Азия өңірінің аймақтық хабы болып табылады. Біздің команда қысқа мерзімде жобаны табысты жүзеге асырды", - деді басқарма төрағасы.

Астанаға келген жолаушылар қатарында Берлиннен Шаповаловтар отбасы Мәскеу арқылы әуежайдан түсті. Ол құжаттарын тексеру мен багаждары мен қол жүктерін қабылдау жедел атқарылғандығына ризашылығын білдірді.

Жолаушы Регина Шевалье жаңа терминалдың қызмет көрсету сапасына таң қалғандығын жасырған жоқ. "Маған жаңа терминал өте ұнады. Халықаралық стандартқа сай келеді",-дейді Р. Шевалье.

Еске салсақ, Астана халықаралық әуежайдың жаңа терминалы мемлекет басшысының қатысуымен биылғы жылы 31 мамырда ашылды.

Замануи  үлгідегі жолаушылар терминалының құрылысы  2014 жылғы қарашада басталып, 2017 жылы мамырда аяқталды. Жаңа терминалдың аумағы 47000 шаршы метр, жылына 8,2 миллион жолаушыны өткізеді. Жаңа терминал ескі әуежайдың өткізу қабілетін 2,5 есеге арттырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу