Әуежайлардың VIP залдарында қызмет көрсетілетін адамдар тізбесі кеңейтілмек

296

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Әуежайлардың VIP залдарында қызмет көрсетілетін адамдар тізбесі кеңейтілмек Фото: inbusiness.kz

Еліміздің әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында ел Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысы жарияланды. Құжатта Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесіне "Алтын қыран" (Золотой Орел) орденінің және "Халық қаһарманы" (Народный герой), "Қазақстанның Еңбек ері" атақтарының иегерлері енгізілетіндігі айтылған.

Құжат 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу