Әуежайлардың VIP-залдарында қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілді

285

Үкімет 2024 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасы әуежайларының арнайы бөлінген залдарында қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесіне толықтырулар енгізді . 

Әуежайлардың VIP-залдарында қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілді Фото: inbusiness.kz

Бұдан былай, Қазақстан әуежайларының VIP-залдарын "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлері пайдалана алатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қаулы 2024 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл қызмет тізбегіне негізінен барлығы 55-ке жуық санаттағы адамдар, оның ішінде Қазақстан Президенті, Премьер-Министр, Парламент палаталарының басшылары, министрлер, әкімдер, жоғарғы және конституциялық соттардың төрағалары, Бас прокурор және басқалар кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу