Әуезов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

692

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М.Әуезов және Ж. Омаров көшелерінің қиылысында биіктетілген жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әуезов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Жұмыстар Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Осы жылдың 8-9 шілде аралығында жаяу жүргіншілер өткелін жайластыруға байланысты Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтағы Әуезов көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Бұдан басқа, 9-20 шілде аралығында осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", — делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу