Оған қатысқан әйелдер халықаралық ұйымдарды тәліптерді мойындамауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Бір топ ауғанстандық әйел ел астанасы Кабулда қарсылық шарасын өткізді. Акция қатысушылары халықаралық қауымдастықтан 2021 жылдың жазында Ауғанстан билігін басып алған тәліптерді мойындамауға шақырды.
Бұл шара БҰҰ шақырған Ауғанстанға қатысты халықаралық кездесу қарсаңында өтті. Ол келесі аптада Дохада өтуі тиіс.
Билікке тәліптер оралғалы ауғанстандық әйелдер қоғамдық өмірден толықтай сызылып тасталды.
Олардың жағдайының нашарлағаны соншалық, тіпті үйден шығудың өзі қауіпті болып қалды. Дегенмен ол жақта да көптеген әйел зорлық-зомбылықтан зардап шегеді.
БҰҰ мәліметі бойынша, ауғанстандық 10 әйелдің 9-ы зорлық-зомбылық құрбаны. Күйеуі нашақор немесе елден кетіп қалған болса ғана ажырасуға рұқсат беріледі.
Тәліптер Әйел істері министрлігі мен Адам құқықтары комиссиясын таратып жіберді, әйелдерге арналған паналайтын орын ұлттық желісі мен әйелдерді қолдау қызметін жойды.