Ауған босқындарын қабылдау: СІМ түсінік берген жоқ

893

Олар "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қарсы күресте көмектескен. 

Ауған босқындарын қабылдау: СІМ түсінік берген жоқ

Қазақстанның Сыртқы істері министрі АҚШ-тың ауған босқындарын қабылдау өтінішіне қатысты түсінік берген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" агентігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігі ведомствоға "АҚШ Қазақстанға ауған босқындарын орналастыру бойынша сауал жіберді ме" деп сұрақ қойған.

Сыртқы істер министрлігі "бұл мәселеге түсінік беруден бас тартады" деп жауап берген.

Айта кетейік, осыған дейін Bloomberg дереккөзіне сілтеме жасап отырып. АҚШ Қазақстан, Тәжікстан  және Өзбекстаннан "Талибанға" қарсы күресте көмектескен 9000-ға жуық ауған босқынын уақытша қабылдауды сұраған.

2021 жылғы 11 қыркүйекке дейін Америка Құрама Штаттары мен олардың одақтастары өз әскерлерін  Ауғанстаннан шығаруды жоспарлап отыр.

Талибан қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым болып саналады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу